2019 жылы «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқан өткізу туралы

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауруларды азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдармен және әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып 2019 жылы «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқан өткізу туралы шешім қабылдады.

«Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқанның негізгі міндеттерінің қатарында:

  • еңбек жағдайын жақсарту;
  • өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауруларды азайту;
  • «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқан аясында өтетін іс-шараларды жария ету.

Ақпараттық науқанның мақсаты кәсіпорындардың, компаниялардың, мемлекеттік құрылымдардың жұмыс берушілері мен жұмыскерлерінің назарын жұмыс орындарында сау әрі қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыруға аудару.

Статистика комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 23 пайызға тарта жұмыскерлер өз қызметтерін зиянды еңбек жағдайында атқаруда.

Ұйымдарда жыл сайын екі мыңнан аса жазатайым оқиғаларға жол беріледі, оның ішінде үш жүзі адам өлімімен аяқталады.

Бір мыңдай жұмыскер жыл сайын алған жарақаттары мен өндірістік аурулар салдарынан мүгедек болып қалады.

Министрлік әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып 2019 жылы «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқан өткізу бойынша Жол картасын әзірледі.

Жол картасы республикалық және өңірлік деңгейде келесі іс-шаралардың өтуін қарастырады:

  • 2018 жылдың қорытындысы бойынша еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде ұлттық шолуды дайындау;
  • 2019-2021 жж. арналған өндірістік жарақаттану мен зиянды еңбек жағдайындағы жұмыс орындарын азайту бойынша Кешенді жол картасын қабылдау;
  • «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқан аясында өтетін іс-шараларды ҚР Еңбекминінің интернет-ресурсына, ҚР КФ, «Атамекен» ҰКП, БАҚ-да және әлеуметтік желілерде жариялау;
  • кәсіби тәуекелдері жоғарғы деңгейлі салаларда қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету бойынша Іс-шаралар жоспарын бекіту;
  • кәсіби тәуекелдері жоғарғы деңгейлі өңірлер мен кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз ету бойынша Іс-шаралар жоспарын қабылдау;
  • «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» конкурсын ұйымдастыру;
  • «Үздік мемлекеттік еңбек инспекторы», «Үздік техникалық еңбек инспекторы» конкурсын ұйымдастыру;
  • өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек шиеленістерін реттеу  мәселелері бойынша өңіраралық кеңестер өткізу;
  • БАҚ-да, республиканың өндірістік ұйымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша анықтамалар, буклеттер, брошюралар, видео-роликтер дайындау;
  • «Бірге еңбекті қорғау саласындағы алдын алу мәдениетін көтереміз» республикалық акциясын өткізу;
  • республика кәсіпорындарын «Vizion Zero» (жарақаттануға төзбеушілік) Әлеуметтік қамсыздандырудың халықаралық ассациациясы Бағдарламасына қосылуы жөнінде ақпараттық кампаниялар өткізу;
  • өңірлерде еңбекті қорғау, кәсіби аурулардың алдын алу бойынша айлықтар өткізу;
  • еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтауды қоғамдық бақылауды күшейту;
  • еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша минималды стандарттарды сақтау мәселесі бойынша кәсіпорындарға бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу.

Біз барлық жұмыс берушілерді және еңбек ұжымдарын «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқан аясында өтетін іс-шараларға қосылуға шақырамыз.

 

Жол Картасы жүктеу