Ұжымдық шарт

[mp_row]

[mp_span col=”12″]

Ұжымдық шарт

Ұжымдық шарт – еңбек қатынастарының маңызды құралы!

Жаңа Еңбек кодексі жұмысшылар өкілдеріне, соның ішінде кәсіподақтарға қажетті өкілдік пен кепіл береді. Еңбеккерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты қызметтерін жүзеге асыру үшін құқық алаңы құрылды. Бастысы – өкілдіктің барлық қырын дұрыс пайдалану және жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерінің толыққанды қорғалуын қамтамасыз ету. Мұның кепілі – ұжымдық шарт. Осыған байланысты кәсіподақ комитетінің тиімді жұмысының алғашқы көрсеткіші ұжымдық шартты бекіту технологиясын білуі және алған білімді жұмыста қолдануы болып табылады.

[/mp_span]

[/mp_row]

[mp_row]

[mp_span col=”12″]

[mp_video src=”https://youtu.be/GDMDU1NCk-s”]

[/mp_span]

[/mp_row]

[mp_row]

[mp_span col=”12″]

[mp_accordion mp_style_classes=”mp-theme-accordion-brand”]

[mp_accordion_item title=”Жұмысшы мен кәсіподақ комитетіне ұжымдық шарт неге қажет? ” active=”false”]

  1. Ұжымдық шарт – кәсіподақтың қорғау қызметін жүзеге асырудың басты құралы және кәсіподақ комитеті жұмысының тиімділігінің көрсеткіші.
  2. Ұжымдық шарт жұмысшылардың жағдайын жақсартатын құқықтар мен кепілдіктерді белгілейді.
  3. Ұжымдық шарт әлеуметтік, еңбек және экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді механизмін құруға ықпал етеді.
  4. Ұжымдық шартта кәсіподақтың заңды құқықтарын жүзеге асырудың нақты бағдарын белгілеуге болады, бұл ұйымның қызметіне ықпал етеді.

[/mp_accordion_item]

[mp_accordion_item title=”Ұжымдық шарт дегеніміз не?” active=”false”]

Ұжымдық шарттың тараптары – жұмыс беруші және жұмысшылар тарапынан белгіленген тәртіпте уәкілеттік ететін өкілдер (ҚР ЕК 156-б. 1-т.).

Ұжымдық шарт ұйымда, сондай-ақ, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінде де жасалуы мүмкін. Ұйымда бір ұжымдық шарттың болуына жол беріледі.

Ұжымдық шарт — ұйымдағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттейтін, жұмысшылар өкілдері мен жұмыс беруші арасында жасалған жазбаша келісім түріндегі құқықтық акт.

Ұжымдық келіссөздерді бастау және ұжымдық шарт жасасу туралы ұсыныс тараптардың кез-келгенінен болуы мүмкін.

Ұжымдық шарт жасасуға қатысты келіссөздерді бастау туралы басқа тараптан хабарлама алған тарап оны он күн ішінде қарауға және заңда белгіленген тәртіппен келіссөздер жүргізуге міндетті.

Ұжымдық келіссөздер мен ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу үшін тараптар тепе-теңдік негізде комиссия құрады.

Комиссия мүшелерінің саны, оның жеке құрамы, жобаны әзірлеу мерзімі және ұжымдық шарт жасасу тәртібі тараптардың келісімімен анықталады.

Кәсіподақ мүшелері болып табылмайтын жұмысшылар кәсіподақ органына жұмыс берушімен байланыс жасауда өздерінің мүдделерін көрсетуге уәкілеттік беруге құқылы.

Егер ұйымда жұмысшылардың бірнеше өкілі болса, олар комиссия жұмысына қатысуға, ұжымдық шартты талқылауға және қол қоюға бірыңғай өкілді орган құрады.

Комиссия дайындаған ұжымдық шарт жобасы ұйымның жұмысшыларымен міндетті түрде талқыланады. Комиссия қабылданған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, жобаны аяқтайды.

Тараптар өзара келiсiмге келген кезде ұжымдық шарт кем дегенде екi данада жасалады және тараптардың өкiлдерi қол қояды.

Тараптар арасында ұжымдық шарттың жекелеген ережелері бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда, тараптар келісілген шарттар бойынша ұжымдық шартқа қол қоюы және бір мезгілде олар келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде келіспеушіліктер туралы хаттама жасауы тиіс. Ұжымдық келіссөздер барысында туындаған келіспеушіліктер өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі ұжымдық келіссөз барысында қаралады.

Ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар заңда белгіленген тәртіппен, тараптардың өзара келісімі бойынша ғана жасалады.

Ұжымдық келіссөздер тараптары, егер бұл ақпарат мемлекеттік құпиялар, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылса, алынған ақпаратты жария етуге құқылы емес.

Ұжымдық келіссөздердің тараптары жалақылары сақтала отырып, еңбек міндеттерін атқарудан босатылуы мүмкін.

Жұмыс беруші тараптар қол қойған ұжымдық шартты қол қою күнінен бастап бір ай ішінде жергілікті еңбек инспекциясына мониторинг үшін ұсынуы тиіс.

 

[/mp_accordion_item]

[mp_accordion_item title=”

Ұжымдық шарт қандай болуы тиіс?” active=”false”]

Тараптар ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымын бас, салалық және аумақтық келісімдерге сәйкес анықтайды.

Ұжымдық шартқа міндетті түрде келесі ережелер қосылады:

  1. Жұмысшыларға, оның ішінде ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін еңбеккерлерге еңбекақы төлеу жүйесі, жалақы, жәрдемақы және қосымша төлемдердің тарифтік мөлшері туралы;
  2. Разряд аралық коэффициенттерді белгілеу туралы;
  3. Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының, еңбек демалысының ұзақтығы туралы;
  4. Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды қаржыландыру көлемдері туралы, қауіпсіз және лайықты еңбек шарттарын жасау туралы;
  5. Кәсіптік одақтың қызметіне арналған шарттарды құру туралы;
  6. Ұжымдық шартқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу тәртібі туралы;
  7. Жұмысшылар мен жұмыс берушінің ұжымдық шартты орындаудағы  жауапкершілігі мен бақылау туралы;
  8. Жұмысшылар өкілдерінің пікірін қарастыруды талап ететін жұмыс берушінің актілері туралы.

Ұжымдық шартта жұмыс берушінің қаржылық-экономикалық жағдайы есепке алына отырып, заңдармен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен, келісімдермен салыстырғанда қолайлы еңбек шарттары, жұмысшыларға арналған жеңілдіктер мен артықшылықтар белгіленеді.

ҚР жаңа ЕК 157-бабына сәйкес ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы тараптармен анықталады. Жоғарыда көрсетілген бапта қарастырылған мәселелер тізімі толыққанды болып табылмайды.

Ұжымдық шарт жұмысшылар мен жұмыс берушінің келесі мәселелер бойынша өзара міндеттемелерін қамтуы мүмкін:

  1. Еңбек ұйымын жақсарту және өндірістің тиімділігін арттыру туралы;
  2. Еңбекақыны индекстеу тәртібі туралы;
  3. Жұмыстан босатылған жұмысшыны жұмыспен қамту, оқыту, біліктілігін арттыру, қайта даярлау және жұмысқа орналастыру туралы;
  4. Біліктілігін арттырудан, қайта даярлаудан өткен еңбеккерлерге, сондай-ақ, жұмыс пен оқуды біріктіретін жұмысшыларға кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы;
  5. Еңбеккерлердің тұрғын үй және тұрмыстық жағдайын жақсарту туралы;
  6. Денсаулығын жақсарту, шипажайлық-курорттық емдеу және жұмысшылардың демалысы туралы;
  7. Кәсіподақ органдарына сайланған жұмысшыларға, сондай-ақ сайланбалы өкілдеріне және олардың қызметін жүзеге асыру шарттарына кепілдік беру туралы;
  8. Кәсіподақ мүшелері болып табылатын жұмысшылармен шартты бұзған жағдайда кәсіподақ органының дәлелді қорытындысын ескеру тәртібі туралы;
  9. Жұмысшы зейнеткерлік жасқа жеткенде жұмыс берушінің ықпалымен еңбек шарты бұзылған жағдайда өтемақы төлеу туралы;
  10. Жұмысшы жұмыс берушінің орналасқан жерінен немесе жинау орнынан жұмыс орнына дейінгі жолда болған кезде өтемақы төлемі туралы;
  11. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңына сәйкес жүзеге асырылатын жүктілік пен босануға байланысты  демалысты, жас баланы (балаларды) асырап алуына байланысты демалысты, жүктілік пен босану, жас баланы (балаларды) асырап алу себебінен табысынан айырылу жағдайында, әлеуметтік төлемдердің мөлшерін алып тастағанда, орташа еңбекақыны сақтау арқылы төлем жасау туралы;
  12. Жұмысшыға және жұмыс берушіге келтірілген зиян үшін жүктелетін жауапкершілік туралы;
  13. Ерікті зейнетақы жарналары туралы;
  14. Жұмысшылар мен олардың отбасыларының денсаулығын сақтандыру кепілдіктері туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы;
  15. Жұмысшыда зейнетақы аннуитеті шартын сақтандыру ұйымымен жасасқан қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, жұмыс берушінің  қаражатынан жұмысшының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыру туралы;
  16. Жұмысшыларды Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздеріне оқыту іс-шаралары туралы;
  17. Жәрдемақылар мен өтемақы төлемдері, соның ішінде жазатайым оқиға салдарынан өтемақы төлемдері туралы;
  18. Тараптармен және осы Кодекспен анықталатын басқа да мәселелер.

Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, бас, салалық, аумақтық келісімдермен салыстырып қарағанда, жұмысшылардың жағдайын бәсеңдетпеуі тиіс. Мұндай ережелер жарамсыз деп танылады және қолданылмайды.

[/mp_accordion_item]

[mp_accordion_item title=”Ұжымдық шарттын күші кімге қолданылады?” active=”false”]

Ұжымдық шарт тараптар айқындаған мерзімге жасалады, егер оның ережелерінде өзгеше көзделмесе, қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады.

Ұжымдық шарт аталмыш ұйымның жұмыс берушісі мен жұмысшыларына және оған қосылған жұмысшыларға қолданылады. Қосылу шарттары мен ережелері ұжымдық шартта анықталады.

Ұйымды таратып, оны банкрот деп жариялаған кезде ұжымдық шарт барлық жұмысшылармен еңбек шарты бұзылған күннен бастап күшін жояды.

Тараптар өкілдерінің ұжымдық шартты бекіту, өзгерту, қосымша енгізу бойынша келіссөздерге қатысудан бас тартуы немесе ұжымдық шартты бекітуден негізсіз бас тартуы, келіссөз өткізу мерзімін бұзуы және тиісті комиссия жұмысын қамтамасыз етпеуі, келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарт ережелерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты ұсынбауы, сондай-ақ, оның шарттарын бұзуы немесе орындамауы Қазақстан Республикасы заңымен белгіленген жауапкершілікке әкеледі.

ҚР жаңа ЕК 155-бабы келісімдерде және ұжымдық шарттарда көзделген тәртіппен және шарттармен ұйымда еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды белгілейтінін атап өту қажет.

ҚР Еңбек кодексінде анықталған бойынша жұмысшылардың өкілдері – бұл кәсіптік одақтардың органдары, олардың бірлестіктері, ал олар болмаған жағдайда жұмысшылардың жалпы жиналысында (конференциясында) қатысушылардың басым көпшілігінің даусымен сайланатын және өкілеттігі бар сайланбалы өкілдер. Осы жиналысқа жұмысшылардың (конференцияның делегаттары) үштен екісі қатысуы тиіс.

Жалданбалы жұмысшылар мен олардың атынан өкілдік ететін кәсіподақтар үшін ұжымдық шарт – бұл еңбеккерлерге әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету үшін оған енгізілген міндеттемелерді заңды түрде бекітетін құқықтық акт.

Жұмыс беруші үшін бекітілген ұжымдық шарт ұйымда (кәсіпорында) әлеуметтік тұрақтылық факторы болып табылады, ол өз қызметін жүзеге асыру кезеңінде өзара міндеттемелерді орындау кезінде жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасында еңбек және әлеуметтік қақтығыстар болмайтындығына кепілдік береді.

Ұйымдарда бекітілетін ұжымдық шарттардың қоғамдық маңызы – олар әлеуметтік шиеленістің алдын алуының және ұжымдық еңбек дауларын жоюдың сенімді механизмі болып табылады.

Осылайша, ұжымдық шарт еңбек қатынастарын реттеуге қатысушылардың барлығы үшін маңызды.

Іс жүзінде жұмыс беруші тарапынан жұмысшылардың еңбек құқықтарының бұзылуы болған жағдайда жұмысшылар өкілдері болып табылатын кәсіподақтар басты және мүдделі тұлғалар, ұжымдық шарттың жасалуы қажеттігін түсіндіруші болып табылады.

Мұндай күрделі жағдайларда кәсіподақтар жұмысшылар үшін тиімді болатын шарттарда ұжымдық келіссөздерді бастау және жүргізу, сондай-ақ,  тараптар қабылдаған міндеттемелердің орындалуына бақылауды ұйымдастыруға қатысу жолында үлкен жауапкершілік алады және ауқымды жұмыстар атқарады.

 

[/mp_accordion_item]

[/mp_accordion]

[/mp_span]

[/mp_row]

[mp_row]

[mp_span col=”12″ classes=” motopress-space”]

[mp_space mp_style_classes=”motopress-space-normal”]

[/mp_span]

[/mp_row]

[mp_row]

[mp_span col=”12″]

Қазақстан  Республикасы  Кәсіподақтар Федерациясына  мүшелік  ұйымдардағы  ұжымдық-шарт компаниясының 2017 жылғы  нәтижелері туралы ақпараттық жазба

2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы бойынша ұжымдық шарттар саны туралы мәліметтер (орыс тілінде)

[/mp_span]

[/mp_row]