Гендерлік саясат
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында гендерлік саясатты жүзеге асыруда бірқатар жетістіктерге жетті.
Осы кезеңде Қазақстан әйелдердің мәртебесі мен құқықтарына қатысты бірқатар ауқымды және халықаралық келісімдерге қосылды және бекітті. Гендерлiк және отбасылық-демографиялық саясаттың тұтас институционалдық жүйесі қалыптасқан, елеулі құқықтық база құрылды.
2017 жылдың қорытындысы бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның (бұдан әрі – ДЭФ) гендерлік айырмашылық индексі бойынша Қазақстан Республикасы 144 елдің ішінде 52-ші орында тұр. «Экономикалық қатысу және әйелдер мүмкіндіктері» көрсеткіші бойынша – 30 орын, «Білім деңгейі» бойынша – 48 орын, «Денсаулық индексі» – 36 орын, «Саяси ілгерілеу» – 93 орын.
2016 жылы жұмыспен қамтылған халықтың ішінде әйелдер саны 4,1 млн адамды немесе 48,1% құрады. Жалдамалы жұмыспен қамтылған әйелдердің жалпы саны 3,1 млн. адам немесе 75,7%, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 1,0 млн. адамды немесе 24,3% құрады.
Әйелдер экономиканың барлық салаларында жұмыс істейді, атап айтқанда, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 74,5%, білім – 74,0%, қызмет көрсету саласында – 72,9%, қаржы және сақтандыру қызметі – 59,1%, сауда – 59,8%, көркемөнер мен ойын-сауық – 57,4, ауыл шаруашылығы – 44,2%, мемлекеттік басқару – 39 , 3%.
2009 жылы Қазақстан Республикасында «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №384 бұйрығымен Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілді.
Тұжырымдамада мемлекеттік гендерлік саясаттың мақсаты – ерлер мен әйелдердің қоғамның барлық салаларында тепе-теңдік құқықтарға, жеңілдіктерге, міндеттер мен мүмкіндіктерге қолжеткізуі, гендерлік кемсітушіліктің барлық нысандары мен көріністерін еңсеру.
Мемлекеттің гендерлік саясаты бойынша алға қойылған мақсатқа қолжеткізу үшін нақты міндеттер мен мақсатты индикаторлар анықталуы қажет.
Тұжырымдаманы жүзеге асыруда Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясатты жүргізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
Қазақстандық әйелдер кәсіптік одақтарға белсенді қатысады. Кәсіподақтардағы әйелдердің жалпы саны 54,9 %, оның 67% бастауыш кәсіподақ ұйымдарын (БКҰ) басқарады, 20 % – салалық кәсіподақтар, 12,5 % – АКБ, ҚРКФ алқалық органдарында әйелдер Бас кеңесте 15,2 % және Атқару комитетінде 8,3 % құрайды.
Кәсіподақтар өз қызметінде ұжымдық шарт, ұжымдық келісімдер мен келіссөздер арқылы әйелдер мен ерлердің тепе-теңдігіне қол жеткізуде.
Соңғы жылдары әйелдерге арналған кәсіподақ жарыстарын өткізу, практикалық семинарлар, кәсіби дағдылар сайысы және гендерлік саясат бойынша ғылыми-практикалық конференциялар өткізу тәжірибесі кеңінен таралған.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жүйесіндегі әйелдер
2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 | 2016 | 20.12.2017 | |
Саны | 950 279 | 1 000 293 | 1 018 395 | 1 069 470 | 1 077 894 | 1 074 777 | 1 099 225 |
% | 46% | 46% | 47% | 55% | 58% | 54,4% | 55,7% |
Кәсіподақтың гендерлік саясатының негізгі мақсаты – мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың назарын жұмыс істейтін әйелдердің жағдайына аудару, әйелдердің еңбек әл-ауқатын одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу, әйелдерді түрлі экономикалық және әлеуметтік салаларда, төлем, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында кемсітулерді жою. Қазіргі таңда кәсіподақтар гендерлік тепе-теңдікті қамтамасыз ету, кәсіподақ мүшелері болып табылатын әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және олардың қоғамдық-саяси үрдістерге белсенді қатысуы үшін жетекші кәсіподақ органдарының шешімдерін жүзеге асыруға бағытталған нақты жұмыс жүргізеді.
Үкімет, жұмысшылардың республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған Бас келісімде ана мен баланы қорғауды қамтамасыз ету, әйелдерді әлеуметтік қолдау, әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы гендерлік мәселелерді шешу, балалар күтімі мен білім алуына қатысатын ерлер мен әйелдерді тең дәрежеде қолдау, шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің өкілеттілігін арттыру жөніндегі міндеттер қарастырылған.
Сондай-ақ, барлық салалық және аумақтық келісімдерге жұмыс істейтін әйелдердің құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету, әйелдер үшін қосымша жеңілдіктер мен өтемақыларды қамтамасыз ету нормалары келтірілген.
Заңнамалық қызметте Кәсіподақтар федерациясының Комиссия мүшелері ерлер мен әйелдердің құқықтары мен бостандықтары туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға белсене қатысады.
Кәсіподақтар федерациясы өкілдерінің тікелей қатысуымен № 183 «Аналарды қорғау туралы», № 156 «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы» ХЕҰ конвенциялары бекітілді.
Әлеуметтік әріптестердің бірлескен жұмысы ерлер мен әйелдердің әлеуметтік тепе-теңдігі мәселесінде белгілі бір оң нәтижеге қол жеткізді. Соңғы жылдары кәсіподақтар мен қоғамның гендерлік мәселелер туралы хабардар болуы арта түсті. Олар ұлттық заңнамада, ұжымдық шарттарда және келісімдерде көрініс табады. Кәсіподақтың басқару органдарында және кадрлар резервінде әйелдердің үлесі артуда. Халықаралық кәсіподақ қозғалысында әйелдердің ықпалы арта түсуде.
2016 жылы ҚРКФ өкілі БЕАК ХКК әйелдер комитетіне сайланды, бұл өз кезегінде жұмыс істейтін әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін халықаралық деңгейде маңызды серпілісті көрсетті.
Сонымен қатар, Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан Республикасындағы «БҰҰ-Әйелдер» құрылымымен белсенді түрде ынтымақтасады.
Әріптестік аясында әйелдер және ерлер арасындағы теңдікке қол жеткізу жөніндегі халықаралық міндеттемелерді бірлесе жүзеге асыру, үй жұмысшыларына, әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы тұжырымдама бойынша әйелдердің әлеуметтік, экономикалық және саяси құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыру мәселелері талқыланады.
Жыл сайын кәсіподақтың әйел көшбасшылары Қазақстанның әйелдер форумына, халықаралық конференциялар мен семинарларға қатысады.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының үлкен және көп қырлы жұмысын атап өту қажет.
Кәсіподақтардың қызметі отбасы мен жұмыс арасындағы теңгерімді теңдестіруді қамтамасыз етуге, кәсіподақтар арқылы жас әйелдердің хабардарлығын және олардың құқықтары мен мансаптық мүмкіндіктерін арттыруға, кәсіптік оқытуға бағытталған.
Соңғы жылдары әйелдерге арналған кәсіподақ жарыстарын өткізу, практикалық семинарлар, кәсіби дағдылар сайысы және гендерлік саясат бойынша ғылыми-практикалық конференциялар өткізу тәжірибесі кеңінен таралған. Іс-шаралардың негізгі мақсаттарының бірі көшбасшылық қасиеттерін анықтау және оқыту, жеке даму және кәсіптік өсу үшін мүмкіндіктер жасау, кәсіподақ ұйымдарының қызметіне мүше әйелдерді тарту болды.
Жоғарыда көрсетілгендер Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысында әйелдердің алатын орны мен рөлін айқын көрсетеді.