Кеңес туралы Ереже

Қазақстар Республикасы Кәсіподақтар федерациясының
Жастармен жұмыс жөніндегі Кеңесі туралы
Е Р Е Ж Е

1.Жалпы ережелер

1.1. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Жастармен жұмыс жөніндегі Кеңес (бұдан әрі – Кеңес) кәсіподақтардың жастармен жұмыс жөніндегі қызметін үйлестіру; жас қызметкерлердің әлеуметтік және кәсіптік мәселелерін зерделеу; жастар мәселелерін шешу бойынша ұсынымдар дайындау; жастардың еңбек құқықтарын және әлеуметтік кепілдіктерін қорғау мәселелері бойынша кәсіподақ ұйымдарына ынтымақтастық әрекеттер, ұжымдық акциялар мен басқа шараларды өткізуде жәрдемдесу үшін құрылды.

1.2. Кеңес кеңесші және кеңес беруші орган болып табылады, өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және Кәсіподақтар федерациясының Жарғысына, алқалық органының шешімдеріне және осы Ережеге сәйкес қоғамдық негізде жүзеге асырады.

1.3. Кеңес Кәсіподақтар федерациясы Бас Кеңесі өкілеттігінің мерзіміне құрылады.

2. Кеңестің мақсаты мен міндеттері

2.1. Жастардың әлеуметтік-еңбек құқықтарын іске асыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу, тиісті ұсынымдарды Кәсіподақтар федерациясының Атқару комитетіне енгізу.

2.2. Жастардың әлеуметтік, мәдени, рухани және дене дамуына, тәрбие және білім алуына, қоғамдық мәні бар бастамаларды іске асыруға, жастардың инновациялық әлеуетін кәсіподақтарды және жастардың өзін дамыту мүддесіне пайдалануға жәрдемдесу, жас бойынша кемсітушілікті болдырмау.

2.3. Кәсіподақтардың жастар саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру кезінде жастардың бастамашылығын көрсету үшін жағдай жасау.

2.4. Жастарға жақын және түсінікті, қазіргі Қазақстанның жаңа жағдайы мен негіздеріне барабар жаңа нысандар мен әдістерді кәсіподақ жұмысына енгізу.

2.5. Жастардың қалың топтарын кәсіподақ қызметіне тарту, жастарды кәсіподаққа ынталандыру, кәсіподақтарда жастар кеңестерінің құрылуына қатысу, Кәсіподақтар федерациясында жастар саясатының негіздерін әзірлеу.

2.6. Кәсіподақ ұйымдарының жастармен жұмыс жөніндегі тәжірибесін зерделеу және тарату.

2.7. Ұжымдық шарттардағы және барлық деңгейдегі келісімдердегі жұмысшы жастардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін есепке алу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.

2.8. Жас азаматтардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғауға жәрдемдесу, олардың бастамасы мен мүдделерін жастардың құқықтары мен кепілдіктерін қозғайтын республикалық, салалық, аймақтық бағдарламаларды әзірлегенде ұсыну.

2.9. Жастардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын мемлекеттік саясатты, ҚР заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, кәсіподақ органдарының жастармен жұмыс жөніндегі Кеңестің жұмысына іс жүзінде көмек көрсету.

2.10. Еңбек ететін жастардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғау саласында жастар бірлестіктерімен, мемлекеттік билік органдарымен, жергілікті атқарушы органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесу.

3. Қызметтің негізгі бағыттары

3.1. ҚРКФ Бас кеңесінің және оның комиссияларының жұмысына қатысу.

3.2. Аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері мен салалық кәсіподақтардың жастар кеңестерімен (комиссиясымен), қоғамдық ұйымдармен, әлеуметтік серіктестіктермен, мемлекеттік билік органдармен және жергілікті басқару органдарымен, халықаралық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және өзге де ұйымдармен жастар саясаты аясында өзара әрекет ету.

3.3. Әртүрлі санаттағы жастардың жағдайы, олардың мәселелері мен қызықтыратын сұрақтары және оларды шешу жолдары туралы ақпаратты жинау, талдау, өңдеу және тарату.

3.4. Жастарға арналған арнайы бағдарламалар қабылдау және шаралар өткізу үшін ұсыныстар әзірлеу және дайындау.

3.5. Жас кәсіподақ кадрлары мен активін оқытуды ұйымдастыру, жастар проблемасы бойынша форумдар, слёттар, симпозиумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру.

3.6. Жастарды кәсіподақтар мүшелігіне тарту және жаңа кәсіподақ ұйымдарын құру, кәсіподақ мүшелігін жаңаша ынталандыруды, әртүрлі деңгейдегі кәсіподақ органдарындағы жұмысты қалыптастыру.

3.7. Кеңес қызметі ҚРКФ Атқару комитетіне міндетті түрде есеп береді және оны кәсіподақтар Федерациясының төрағасы, құзыреті бойынша осы мәселелерге жетекшілік ететін Федерация төрағасының орынбасарлары үйлестіреді.

3.9. Кәсіподақ жастарының қызметін электронды және баспа БАҚ, әлеуметтік желілерде дәріптеу.

3.10. ҚРКФ жастар саясаты секторларының жұмысына жетекшілік ету.

4. Кеңесті құру тәртібі

4.1. Кеңес мүше ұйымдар және жастар ұйымдарының өкілдерінен құрылады. Үміткер салалық және аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінен ұсынылады.

4.2. Үміткерлерді іріктеу индикаторлары: жасы 35-ке дейін, көшбасшылық қасиеті, ұйымдастыру қабілеті, қарым-қатынастық дағдылары, сабырлы, креативті ойлау, топта жұмыс жасауға дайын, артынан ерген адамдарды шабыттандыратын, инновациялық технологияларға ынтасы бар және оларды іс жүзінде іске асыруға ынтызар, өздігінен білім алуға дайын жастар.

4.3. Кеңес құрамын және Кеңес туралы ережені Кәсіподақтар федерациясының Атқару комитеті бекітеді.

4.4. Аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінде «Келешек» Жастар Кеңесі, салалық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарында Жастар Кеңесі жұмыс жасайды.

5. Кеңестің құқықтары

5.1. Кеңес Кәсіподақтар федерациясының алқалы органдарына өзінің ұсыныстарын енгізе алады.

5.2. Кеңес бастамасы бойынша өзінің құзыретіне жататын мәселелер жөніндегі материалдар мен құжаттардың жобасын дайындауға және ҚРКФ Атқару комитеті мен Бас кеңесіне ұсынуға құқылы.

5.3. Кеңес өз жұмыс туралы Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесін немесе Атқару комитетін тұрақты хабардар етеді.

5.4. Кеңес ҚРКФ кіретін кәсіподақ органдарының өкілдерін тыңдауға, оларды Кеңес жұмысымен байланысты жеке тапсырмаларды орындауға тартуға құқылы.

6. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

6.1. Кеңес отырысы қажет болғанда, жылына кем дегенде екі рет өткізіледі және оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі қатысқанда, ол құқылы болып табылады.

6.2. Кеңес қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды, мүшелік ұйымдарға, тиісті органдар мен ұйымдарға жіберілетін ұсынымдарды әзірлейді.

6.3. Кворум болғанда, отырысқа қатысатын мүшелердің басым дауысымен Кеңестің ұсынымдары мен шешімдері қабылданады.

6.4. Кеңес өзінің отырыстарында бекітілетін жоспарлар негізінде жұмыс істейді.

6.5. Кеңес отырысында Атқару комитетінде бекітілетін төраға сайланады. Кеңес төраға орынбасарларын, кеңесшілер және хатшыларды сайлайды. Кеңес төрағасы Кеңес мүшелері ішінен 2 жылға сайланады.

6.6. Кеңес төрағасы: Кәсіподақтар федерациясының алқалық органдарында, басқа жастар ұйымдарымен, билік органдарымен өзара қатынастарда Кеңесті ұсынады, Кеңестің жұмысын үйлестіреді.

6.7. Кеңес төрағасының орынбасарлары: Кеңес төрағасы болмаған уақытта оның міндеттерін орындайды.

6.8. Кеңесшілер: ҚРКФ жастар саясатын дамыту және іске асыру қызметін орындайды.

6.9. Кеңес хатшылары: Кеңес мүшелерінің жұмысын ұйымдастырады, ұйымдастыру мәселелерін шешуге жәрдемдеседі.