Кәсіподақтар еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша бұдан да тиімді шаралар қабылдауды ұсынуда

Кәсіподақтар федерациясының конференц-залында «Қазақстан Республикасындағы адами капитал мен еңбек қатынастарының дамуы» Дөңгелек стол отырысы болып өтті. Оның барысында елдегі әлеуметтік әріптестік, еңбек қауіпсіздігі, тиімді жұмыспен қамту саясаты талқыланды.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, «республикадағы еңбек нарығындағы жастар жағдайы алаңдаушылық туғызуда, өйткені кәсіби білім алуға қол жетімділіктің шектелулігінің арқасында олар формалды еңбек нарығында бәсекеге тәуелсіз бола алмай отыр».

Кәсіподақтардың ойынша, барлық деңгейдегі жұмыспен қамту органдары дамып келе жатқан еңбек нарығында еңбек етуге дайындау үшін әсіресе жастар арасында кәсіби бағыттық жұмыстарды кеңінен жүргізу қажет.

«Дүниежүзінде қайғылы оқиғалар мен кәсіби аурулар орасан адами трагедия болып, елеулі экономикалық шығындарға әкеп соғуда», деп атап өтті ҚРКФ төрағасының орынбасары Гүлнәр Жұмагелдиева.

Қазақстан өндірістерде орын алатын қайғылы жағдайлардың жалпыәлемдік заңдылығы мен оның тұрғындардың денсаулығы мен ел экономикасына әкелер әсерінен тыс емес.

2017 жылғы 1 наурызға шаққанда республиканың кәсіпорындары мен ұйымдарында қайғылы жағдайлар салдарынан 220 адам зардап шекті, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,9 пайызға төмен (2016 жылы 282 адам). Зиянды жұмыстардағы жұмыскерлер саны 2014 жылы 346,8 мың адамнан 2016 жылы 367,7 мың адамға артты. Осы жағдайларда жұмыс атқаратын жұмыскерлердің жалпы саны 21 пайыздан 22,1 пайызға артып отыр.

2016 жылдан бері қолданыстағы жаңа Еңбек кодексінде «еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес» және «еңбекті қорғау бойынша техникалық инспектор» түсініктері енгізілді. Аталмыш норманы жүзеге асыру қаржылық және адами ресурстарды аз жұмсап, еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін елеулі жақсартуға, жарақат алу, апаттылық пен кәсіби аурулардың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

2016 жылы елімізде 12 412 еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі жөніндегі кеңес құрылды, «дегенмен осы сандарға қарамастан, бұл салада елеулі жұмыстар күтіп тұр» деп атап өтті Дөңгелек столға қатысушылар.

Дөңгелек столға қатысушылар еңбек нарығын жоспарлау мен болжаудың, қайғылы оқиғалардың алдын алу және еңбекті қорғау бойынша шаралар қабылдаудың жаңа механизмдерін жасап шығару ұсынысын айтты.

Дөңгелек стол отырысын Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырды.