Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Ағымдағы жылдың 13 шілде күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ облыстық кәсіподақтар ұйымдарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мобильдік топ мүшелері Президентіміздің 31.01.2017ж. Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басым-бағыттарын жеткізе отырып, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту мәселелерін кеңінен түсіндіріп өтті.

Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы ақпараттық парақшалар таратылып, мекеме қызметкерлерінің ұсыныстары қабылданды.
Сонымен қатар, мобильдік топ спикерлері республика деңгейінде өтіп жатқан «Есіктен есікке» жобасы бойынша облыстың әрбір отбасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат сипатындағы флаерлер мен буклеттердің коммуналдық төлем түбіртектерімен бірге таратылып жатқандығын жеткізді.

«Мобильді топ» қоғамдық қабылдаулар мен кездесулерін арнайы автобуспен жүзеге асыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қолдайтын адамдарға сенімін білдіреді. Алдағы уақытта «Мобильді топ» өз қызметін облыс көлемінде тұрақты негізде жүзеге асырып отыратын болады.