Болашақ энергиясы – жастар қуаты

2017 жылдың 22-23 шілдесінде Астана қ. «Болашақ мұнайы» ұранымен «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесінде ҚМГ ұлттық компаниясының қатысуы аясында өткен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) компаниясының жас мамандар тобының слеті өткізілді. Жастар форумына ҚМГ басшылары, топ-менеджерлері, холдингтің өзекті кәсіпорындарының жас мамандары, қызметкерлері, мұнай-газ саласындағы сарапшылар, мұнай-газ кешені қызметкерлерінің Салалық Кәсіподағы жас белсенділері қатысты.

Жастар форумындағы маңызды іс-шара «Болашақ мұнайы» атты панельді сессия болды. Сала сарапшылары слетке қатысушыларға мұнай-газ саласын дамытудың заманауи үрдісін, энергиямен қамтамасыз етудің жаһандық жүйесіндегі «мұнайдың» болашақ рөліне деген өзіндік көзқарасын ұсынды. ҚМГ бизнес-бағыттардың басшылары жас мамандарға стратегиялық даму жоспары мен ҚМГ өзгерту программасы туралы, ұлттық компаниядағы жастар саясатының негізгі бағыттары туралы айтты.

Пікірталас барысында ҚМГ өндірумен айналысатын мұнай мен газдың Қазақстан экономикасында негізгі рөлге ие екендігі және ұзақ уақыт экономика өсімінің басты құраушысы болатындығы бірнеше рет айтылып өтті. Бұл Қазақстанның басты мұнай-газ компаниясына ерекше жауапкершілікті артады. Тұрақты даму, кен орнын әзірлеудегі инновациялық әдістер, энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігі мәселелеріне жаңа тәсілдер, экологиялық қауіпсіздікті басқару мәселелері бірінші кезекте тұр.

ҚМГ жас мамандары брейн-рингке қатысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов және мұнай-газ кешені қызметкерлерінің Салалық Кәсіподағы төрағасы Сұлтан Қалиевпен кездесті, пікір көшбасшыларымен «speak up» пікірталас алаңында бейресми қалыпта тілдесті, «Ең үздік блогер» және «Құбыр тартушы» байқауларына, топтық ойындарға қатысты. Жастар форумының қатысушылары EXPO-2017 халықаралық көрмесінде болды.