КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ СТОКГОЛЬМДЕ БЕАК ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ ЖИНАЛЫСЫНДА ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ЛАЙЫҚТЫ ЖАЛАҚЫ ТАҚЫРЫБЫН ТАЛҚЫЛАУҒА ҚАТЫСТЫ

БЕАК кезекті 10-шы Жазғы мектебі отырыстарында жалақы мен әлеуметтік жәрдемақы мәселелері басты талқыланатын тақырып болмақ. Швецияның астанасы Стокгольмде осы күндері әлемнің бірнеше елі кәсіподақтарының көшбасшылары әлемдегі еңбеккерлер үшін ең өзекті еңбекақы төлеу және оны уақытылы төлеу және оны төлеуде кемсітпеу мәселелерін көтереді. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов БЕАК Жазғы мектебінің жұмысына қатысады.

Жазғы мектептің қатысушылары үш күн ішінде кәсіподақтардың ең өзекті мәселелердің біріне ықпалын, жалақыға қатысты кемсітушілікке жол бермеуді нақты мысалдар бойынша талқылайды, сонымен қатар, осы үдерісте ұжымдық келіссөздердің рөлін қарастырады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл мәселе Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясымен түрлі деңгейде бірнеше рет көтерілген болатын. Атап айтқанда, ҚРКФ төрағасы Әбілғазы Құсайынов еңбек жағдайларын, соның ішінде, тұрақсыз жұмыс істейтін жұмыскерлердің жалақыларындағы теңсіздікті (қарыз еңбекті) заңнамалық тұрғыда реттеу қажет деп есептейді. Сонымен қатар, әлеуметтік диалог пен ұжымдық келіссөздер аясында жалақыны көтеру және оны индекстеу мәселесін қарастыру керек.