«Парасат»  Жастар Одағы  дәстүрлерді құрметтейді

Дәстүр бойынша, қазан айында «Парасат» кәсіподағы жоғары оқу орындарының қабырғаларында отбасы күні мен қарт адамдар күнін өткізу бастамасын көтереді. Осы ретте университеттердің әкімшіліктерімен және аудандық әкімдіктермен бірге бұл жолы қайырымдылық шарасы өткізілді.

Мерекелік іс-шараның салтанатты бөлімі кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға және аз қамтылған отбасыларға және басқаларға бағытталды. Кәсіподақ комитеті қызметкерлері көпбалалы отбасыларға және аз қамтылған отбасыларға арналған кондитерлік өнімдермен қоржындарды жинады.

Аталмыш шара аясында зейнеткерлер мен еңбек ардагерлеріне де көңіл бөлінді. Іс-шараға белсенді қатысқан: Абай атындағы ҚазҰПУ кәсіподақ комитеттері, Ж.Жүргенова атындағы ҚазҰӨА, Қ.Сатпаев атындағы ҚазҰИТУ, Абылай хан атындағы КазХҚжӘТУ, НАРХОЗ университеті.