АЛМАТЫДА «ЕҢБЕК САҚШЫСЫ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Алматы қаласының кәсіподақ орталығы Адам құқықтары жөніндегі Халықаралық орталығымен бірге «Азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау, еңбек дауларын болдырмау және азайту, келісу рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш шарада әлеуметтік серіктестердің өкілдері, құқық қорғау органдары, сондай-ақ, кәсіподақ ұйымдары, ҮЕҰ, жоғары оқу орындары, медиаторлар қатысты.

«Адам құқықтары жөніндегі халықаралық орталығының» президенті Ж.Жақыпов «Еңбек сақшысы» жобасы аясында кәсіпорындардың қызметкерлеріне, кәсіподақ өкілдеріне, түрлі қызмет салаларындағы 180 ұйымның келісу комиссияларының мүшелеріне арналған 16 семинар өткізді. Семинарларға қатысушылар еңбек заңнамасы бойынша сұрақтарға жауап алды, еңбек дауларын реттеу жөнінде келіссөздер дағдыларын иеленді, зейнетақы заңнамасы бойынша кеңес берулер, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, міндетті әлеуметтік сақтандыруды сақтау, еңбек дауларын қараудың сот тәжірибесі туралы кеңес алды.

Алматы қалалық сотының судьясы Б.Кәрібжанов бүгінгі күнге дейін азаматтардың 10-20% еңбек дауларын сотқа дейінгі тәртіпке сай келмегендіктен сотта шағымдардың қараусыз қалдырылғандығына назар аударды. Өкінішке орай, еңбек заңнамасының нормалары өрескел бұзылады және қалалық сот шағымдарды қарайды, бірінші сатыдағы соттардың шешімдерін қайтарып алады/түзетеді. Спикерлер азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын бақылау, еңбек даулары мен қақтығыстардың алдын алу және келісу рәсімдерін жүргізу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізді.

Алматы кәсіподақтар орталығының басшысы Ж.Тәжібекова тақырыптың өзектілігін атап өтті. Еңбек кодексінің қолданылатын нормалары, еңбек даулары болған жағдайда ұйымдардағы келісу комиссияларының құрылуының және жұмыс істеуінің міндетті сипатына қатысты мәселелерді реттеп, айтарлықтай нақтылауды талап етеді, барлық кәсіпорындар келісу комиссияларын құра алмайды. Орта немесе ірі кәсіпорындардың санына байланысты,  аз ұйымдар санының қатарына кіретін мұндай комиссияларды құруда қиындықтар туындайды. Нәтижесінде осындай комиссиялар ресми түрде құрылады.

Жұмыспен қамту орталығының өкілі С.Мадиев 2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жүзеге асыралатыны жайлы атап өтті. Сондай-ақ, бұл бағдарлама көптеген жұмыссыздарға жұмыспен қамту мәселелерін шешуге көмектеседі, себебі, бүгінгі таңда Алматы қаласында жұмыссыздық ең жоғары деңгейде екенін айқындады.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың талқылауы қорытынды құжатқа әкелді. Бұл құжатта Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларын қолданудың проблемалық мәселелері бойынша ұсыныстарды және  еңбек заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін құзыретті органдарға жіберуге ұсыныстар әзірлеуді көрсетеді.