Құрылыс саласы кәсіподақтары еңбек қатынастарын реттеуді үйренуде

Құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлері салалық кәсіподағы «Астана» қалалық филиалымен ұйымдастырылған семинарда кәсіподақтардың еңбек дауларын реттеу міндеті қозғалды.

Семинар еңбек қатынастарын реттеудегі өзекті мәселелерге негізделген баяндама ретінде өткізілді (қалыптасушы сот және әкімшілік тәжірибе ескерілді). Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру және жеке еңбек дауларын қарастыру, сондай-ақ, қатысушылар тәжірибесінен жағдайларды талқылау секілді процестік мәселелерге назар аударылды.

Семинар жұмысына құрылымдық бөлімше және филиалдың мүше ұйымдарының кәсіподақ төрағалары, келісу комиссиясының мүшелері, басшылар, ұйымның кадрлық және құқықтық қызмет мамандары қатысты.