«Тұрғын –үй комуналдық шаруашылығы және құрылыс кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» біріккен ұйымының Батыс Қазақстан облыстық филиалы құрылды

2017 жылдың 3 қарашасында Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығында «Тұрғын –үй комуналдық шаруашылығы және құрылыс кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» біріккен ұйымының Батыс Қазақстан облыстық филиалын құруға бағыттылған конференция өткізілді. Жиынға «Жайықжылуқуат» АҚ, «Батыс су арнасы» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары, сондай ақ, коммуналдық мекемелер және құрылыс секторында жұмыс істейтін кәсіпорындардың кәсіподақ бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Жиынның ашылуында сөз алған Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығының төрағасы  Ербол Салықов кәсіподақ ұйымдарының өкілеттіліктері мен құзыретіне тоқталып, бүгінгі жиынның мақсаты «Тұрғын –үй комуналдық шаруашылығы және құрылыс кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» біріккен ұйымының Батыс Қазақстан облыстық филиалын құру екендігін жеткізді.

Бұдан соң күн тәртібіндегі мәселелерге орай «Тұрғын –үй комуналдық шаруашылығы және құрылыс кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» біріккен ұйымының Батыс Қазақстан облыстық филиалын құру талқыға салынып, қатысушылар бұған бірауыздан дауыс берді. Сөз алған кәсіподақ белсенділері төрағалыққа еңбек адамының жағдайын жақсы білетін және бұған дейін жаңа кәсіподақты құруда үйлестіруші болып көзге түскен Ғ. Сахиповтың кандидатурасын ұсынды. Қатысушылар осы ұсынысты қолдап бірауыздан дауыс берді. Сонымен қатар жиынға қатысушылар салалық кәсіподақтың Кеңес және Тексеру комиссиясының мүшелерін сайлады. «Тұрғын –үй комуналдық шаруашылығы және құрылыс кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» біріккен ұйымының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы болып сайланған Ғарапша Сахипов көрсетілген сенім үшін әріптестеріне алғысын бірдірді.
Конференция жұмысына қатысқан «Батыс су арнасы» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А. Иликпаева сөз сөйлеп, жаңа кәсіподақ ұйымының қызметіне табыс тіледі және кәсіподақ жұмысынан жаңаша леп күтетінін жеткізді.