Қостанай облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы көрсетілген көмек үшін меценаттарға алғыс айтты

«Білім ұйымының үздік меценаты» облыстық байқауы қорытындыланды. Байқауға Қостанай облысының барлық аудандарынан 20 меценат қатысты.

Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қостанай облыстық ұйымының төрайымы Зияда Қабисұлтанқызы осындай байқауды өткізу идеясы Президенттің «Болашаққа бағдар»: қоғамдық сана-сезімді жаңғырту» бағдарламалық мақаласынан туындағанын атап өтті. Елбасы айтқандай, «біз шағын отанға көмектесетін әлеуметтік құрмет пен түрлі қолдау формаларын, әлеуметтік көмек механизмдерін табуымыз тиіс. Бұл жерде ауқымды жұмыстар жатыр: қаланы тез абаттандыруға, мектептерді компьютерлендіруге едәуір көмектесуге, жергілікті ЖОО қолдауға болады…, «Туған жер» бағдарламасы біздің жалпы ұлттық патриотизмнің нақты негіздерінің бірі болады. Шағын отаннан үлкен отанға – өз туған мемлекетіне деген сүйіспеншілік басталады».

Елбасы сөздері бастама ретінде болды. Бизнес-қауымдастық үндеуге іспен жауап қатты. Әр аудан, тұрғын жерлердегі мектептерге жерлес-меценаттардан көмек көрсетілді.

Салтанатты іс-шарада барлық меценаттар елеулі сыйлықтар және облыстық кәсіподақ ұйымдарының алғыс хаттарымен еленді.

Меценаттар Қостанай облысы білім беру ұйымдарына 650 000 000 теңге сомасында қаржылық көмек көрсетті.