ҚР кәсіподақтар Федерациясының өкілі БЕАК Жастар комитетінің вице-президенті болып сайланды

6-7 қарашада Баку қ. 17 мемлекеттің 40 өкілдерінің қатысуымен «Жастарды жұмыспен қамту және еңбек саласының келешегі» ХКК-БЕАК 5-ші Жастар Конференциясы өтті.

Конференция аясында органайзинг, жастарды жұмыспен қамту, ХЕҰ «Еңбек саласының келешегі» бастамасы, жастардың көшбасшылық ұстанымдары және т.б. өзекті мәселелер талқыланды.

Қатысушылар дөңгелек үстел басында топ ретінде белсенді жұмыс жасады. Ұлттық кәсіподақ орталықтарының өкілдері түйінді идеяларымен және кәсіподақ қозғалысындағы мәселелермен бөлісті.

Конференция соңында құрамына алғаш рет ҚР кәсіподақтар Федерациясының өкілі кірген БЕАК 5-ші Жастар комитетінің кезекті сайлауы өтті. ҚРКФ Ақпараттық-талдау және халықаралық жұмыстар Департарментінің бас мамамы Жанна Абилова БЕАК ЖК Вице-президенті лауазымына сайланды.

Сайлау соңында жаңа Комитеттің алғашқы кездесуі өтті, стратегиялар талқыланды және іске асыру үшін 2018-2019 жылдарға жұмыс жоспары әзірленді.

БЕАК 5-ші Жастар комитетінің құрамы:

Президент: Роман Зайцев – Эстония, EAKL

Вице-президент: Жанна Абилова – Қазақстан, ҚРКФ

Бруно Ходжа – Албания, BSPSH

Александр Лехтман – Ресей, РЕК

Мүшелері: Гига Бекаури – Грузия, GTUC

Вадим Михайлов – Беларусь, БДКК

Глеб Колесов – Украина, КВПУ

Нурай Агбаба – Түркия, Turk-Is

Габриела Триколичи – Молдова, CNSM