ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – ЕЛОРДА КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА

Елорда кәсіподақтары Үйлестіру комиссиясының кезекті отырысында 2018-2020 жылдарға Астана қ. тұрғындарын жұмыспен қамту Тұжырымдамасы жобасын әзірлеу барысы мен жұмыспен қамту жағдайы қарастырылды. Кәсіподақ белсенділері алдында толыққанды ақпаратпен елорданың Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар сөз сөйледі.

Баяндамашы Жұмыспен қамту орталығында 8,5 мың жұмыс орны бос екендігі туралы мәлімет берді. Жыл басынан Орталыққа 14 116 адам өтінішпен келді, олардың 5121 жұмысқа тұрғызылды, жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша – 915; кәсіби оқуға жіберілді – 525; 2,2 мыңнан астам адам қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа алынған. 26086 білім алушыларды оқытып жатқан 35 колледжде мамандар даярланады.

Ағымдағы жылғы 1 қазаннан жұмыспен қамту орталықтарын өзгерту аясында қалада сынамалы режимде жұмыс берушілермен жұмыс жүргізудің және іздеушілермен жұмыстың адрестілігін күшейтудің жаңа форматы енгізілді.

Елорданың еңбек нарығын жетілдіру, жұмыспен қамтылмаған, жұмыссыздар және аз қамтылған азаматтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсатында 2018-2021 жылдарға елорда тұрғындарын жұмыспен қамту Тұжырымдамасы әзірленді. Үйлестіру кеңесінің мүшелері жаңа  жұмыспен қамту Тұжырымдамасын толыққанды қолдады және оны дайындауға қатысуға ниет білдірді.

Кәсіподақ белсенділері қысқа мерзімді курстарда оқуды ұйымдастыру және оларда мамандыққа ие болған тұлғаларды жұмысқа тұрғызу, жастар тәжірибесі бағдарламасын жүзеге асыру, жұмыскерлерді қысқартқысы келген немесе бос орындар бар жұмыс берушілердің әрекеттерін бақылау тәртібіне қызығушылық білдірді.

Отырыста сөз сөйлеген кәсіподақ қызметкерлері Жұмыспен қамту орталығы мен басқа атқарушы орган құрылымдарының елорда кәсіподақтарымен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі және басқа нормативтік құқықтық актілер нормаларын жұмыскерлер және жұмыс берушілер арасында түсіндіру және сақтау мәселелері жөнінде өзара жұмыс жасауының оң үрдісін атап өтті.

Сондай-ақ, отырыста 2017-2019 жылдарға «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасының, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құру және сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түрлеріне жол бермеу жағдайын құру мәселелері жөнінде Ашық келісімді орындау барысы қарастырылды, 2018 жылға Астана қ. Кәсіподақ орталығының жұмыс жоспары талқыланды.