Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы Еңбек адамының құқықтарын түсіндірді

24 қарашада Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы Астана филиалында еңбек заңнамасы бойынша семинар өтті.

Сондай-ақ, семинарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ішкі аудит департаментінің директоры Г.Әлімбекова, «EXPO-Women» халықаралық ұйымы президиумының төрағасы С.Рахимбекова және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.

Г.Әлімбекова еңбекақы төлеу жүйесі, мәдениет пен спорт саласындағы нормативтік ережелер, зейнеткерлік жас, зиянды еңбек үшін әлеуметтік төлемдер және еңбек жағдайлары, қызметті бағалау ережелері сияқты әр қызметкер білуі тиіс көптеген еңбек нормалары мен заңнамаларды түсіндірді.

Ақпараттық семинардан кейін «EXPO-Women» халықаралық ұйымының Президиум төрағасы С.Рахимбекова «Саланың жүз жаңа есімі» номинациясының жобасын ұсынды. Жобаның мақсаты – мұраны ұйымдастыру және кәсіподақ саласында өз ізін қалдырған адамдарды біріктіру.