Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2017» байқауының жеңімпаздары марапатталды

6 желтоқсанда Еліміздің ең беделді марапаттарының бірі – «Парыз» және «Алтын сапа» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме – байқауының жүлделері табысталды.

Аталғаншараны жыл сайын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мимнистрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлесе отырып өткізіп келеді. Бұл байқауға биыл 10 жыл. Сондықтан, ерекше мәртебемен «Парыз: табыстың 10 жылы» деп аталды.

Байқау – халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғамға өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін жеке кәсіпкерлік субъектілерін қалыптастыруға және көбейтуге бағытталған.

Биыл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі байқауға қатысуға республикада  400 кәсіпорнын  өтінім білдірді.

Жеңімпаздарға төрт аталым бойынша анықталды: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» және «Экологияға қосқан үлесі үшін».

Байқаудың лауреаттары атағын беру жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен ең жоғарғы марапат – Қазақстан Республикасы Президентінің Гран-приі «Еуразиялық топ» ЖШС-не берілді. Кәсіпорын корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларын іске асыруда үлгі болды. Жеңімпаз кәсіпорынға марапатты Елбасы Н.Ә. Назарбаев табыстады. Соңғы екі жылда компания өңірлердің әлеуметтік дамуын жүзеге асыру бағытында жалпы құны 6 млрд. теңгеден астам болатын бірнеше меморандумға қол қойды. 2018 жылдың соңына дейін Қазақстанның төрт өңірінде топ қызметкерлері үшін 82 мың шаршы метр тұрғын үй салынбақ. Жыл сайын компания төрт жүзден астам жаңа жұмыс орнын ашып отыр.

«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында «KMK Мұнай» компаниясы марапатталса, ТОО «KAZMEDPRIBOR Holding» компаниясы  орта және кіші кәсіпкерлік субъектілері арасында жеңіске жетті.

«Үздік ұжымдық шарт» номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында «Победа» серіктестігі үздік шықса, орта және кіші кәсіпкерлік субъектілері арасында «Қазтұтыну Одағы Павлодар экономикалық колледжі» марапатқа лайық деп танылды.

«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында көшбасшы ретінде ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында «SKZ-U» ЖШС мен орта және кіші кәсіпкерлік субъектілері арасында «Қарағанды металлургиялық зауыты» жеңімпаз болды.

«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында «Kagazy Recycling» компаниясы, орта және кіші кәсіпкерлік субъектілері арасында  «Белес-Агро» компаниясы үздік атанды.

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым «Шағын және орта кәсіпкерлік» номинациясы бойынша келесі жеңімпаздарды марапаттады: «Пищепромторг» ЖШС, «Бейсембаев» ЖК, «Арай текстиль» ЖШС, «Алди и К» ЖШС.

«Парыз» байқауына еліміздің барлық өңірлерінен (2008-2017 жж.) 4500-ден астам кәсіпорын қатысты. Бүгінгі күнге дейін 259 компания «Парыз» жеңімпаздары атады.

Байқау өтіп келе жатқан жылдар ішінде экономиканың көптеген салаларындағы қазақстандық кәсіпкерлер арасында әлеуметтік жауапкершіліктің өсу динамикасы байқалады.

Осы жылдары әлеуметтік бағдарламаларға және қайырымдылыққа 156 миллиард теңге бөлінді. Биоалуантүрлілікті дамытуға, сақтауға, өсіруге шамамен 5 млрд. теңге бөлініп, 300 мыңға жуық ағаш отырғызылды.

 

http://www.enbek.gov.kz/kk/node/347508