БҮГІН ТЕМІРЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК ҚҰРЫЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕДЕРАЦИЯСЫ V КОНГРЕССІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ (ТКҚК)

2017 жылдың 6 желтоқсанда Астана қаласында теміржолшылар және көлік құрылысындағы кәсіподақтардың халықаралық конфедерациясы V конгрессі жұмысын бастады.

V Конгресс: ұйымдастырушылық мәселелерді қарап, тексеру комиссиясынның, ТКҚК Кеңесінің жұмысы туралы есептерді тыңдайды, ТКҚК Кеңесінің, төраға мен бас хатшыға сайлау өткізеді, 2017-2022 жылдарға ТКҚК –ның негізгі қызмет түрлерін анықтайды.

Анықтама үшін: 1992 жылғы 14 мамырда Армения, Беларусь, Қазақстан, Молдова, Ресей, Түркменстан және Өзбекстанның салалық кәсіподақтарының көшбасшылары Теміржолшылар мен көлік құрылысшыларының Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясын құру туралы декларацияға қол қойды. Конфедерация кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша бірлескен іс-қимылдарды қамтамасыз ету мақсатында өңір елдерінің темір жолдарында келісілген әлеуметтік саясатты әзірлеу, мамандандырылған халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесу үшін құрылған. Бүгін Конгресс ТМД, Грузия, Литва және Эстонияның 14 салалық кәсіподақтарын біріктіреді.

ҚРКФ атынан Төраға орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева құттықтау сөзінде келесіні белгіледі: бүгінгі таңда кәсіподақ қозғалысы маңызды және жауапты міндеттердің алдында тұрғанын, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реформалауға, қалыпты және қолайлы еңбек жағдайларын жасауға, қызметкерлерге лайықты еңбекақы төлеуге байланысты.

 

ҚРКФ баспасөз қызметі