Кәсіподақтар: жаңару мен жаңғыру жолында

Ағымдағы жылы Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бірлесіп ұйымдастыруымен «Кәсіподақтар: жаңару мен жаңғыру жолында» республикалық форумы өтті. Форумға еліміздің барлық аудандарынан аумақтық және салалық кәсіподақтар өкілдері, ҚР Парламент депутаттары, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Осы шара Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Форумды ашқан ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым Жолдаудың негізгі ережелері мен тезистері кәсіподақтардың қызметімен тікелей байланысты екендігін атап өтті. Кәсіподақтардың қызметін түбегейлі реформалау мақсатында орташа мерзімді кезеңге Федерацияны жаңғырудың «Жол картасы» әзірленді. Бұл өз кезегінде Қазақстандағы кәсіподақтар қозғалысына жаңа леп беруі тиіс.

Сондай-ақ, Форумда сөз алған Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Төрайымы Майра Амантаева салалық кәсіподақ қозғалысының маңызды бағыттарының бірі ұстаздардың құқығын қорғау қажеттігін түсіну, олардың білім алу деңгейін арттыру, ұстаздар мен ғалымдардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне жәрдемдесу болып табылатындығын айтты.

Форум барысында көтерілген мәселелердің бірқатары ҚР Кәсіподақтар федерациясы әзерлеген «Жол картасында» өз көрінісін тапты. Осы құжатта әлеуметтік әділдік және әріптестік қағидаларын алға бастыру, әлеуметтік-еңбек қатынастарын арттыру, кәсіподақтарды күшейту және нығайту үшін нақты мақсаттар айқындалған. «Жол картасы» еліміздегі құқықтық жаппай оқудың бірыңғай жүйесін құруды, Республикалық үшжақты комиссия (РҮК) жұмысын жаңғыртуды, бекітілген ұжымдық шарттардың сапасы мен мөлшерін арттыруды қарастырады. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша барлығы 34,4% (77 125) ұжымдық шарттар бекітілген, сонымен бірге бюджеттік салада бұл көрсеткіш 90% тең.

Осы ретте Қазақстанның кәсіподақтары жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынас орнату арқылы жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуде: қазіргі кезде жұмыс орындарын сақтау жөнінде 115 134 меморандум бекітілді, бұл барлық Қазақстан бойынша 2,8 миллион еңбеккерді қамтиды.

Бүгінде кәсіподақтардың бірлігін нығайту, жастарды кеңінен тарту және жұртшылықпен, БАҚ-пен, сараптамалық қауымдастықпен, әлеуметтік желілермен ақпараттық жұмысты күшейту қажеттілігі туды.

Форум аясында облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағалары сөз сөйледі. Кездесуге қатысушылар Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының барлық қырларын қолдады.

 

ҚР Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі
8 (7172) 21 60 28
№3-2018 ж.