Мұхтар Тінікеев Павлодар облысының кәсіподақ активімен кездесті

ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев Павлодар облысында кәсіподақ активімен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Заманауи кезеңдегі кәсіподақтардың рөлі мен орны туралы» ұлттық талқылау аясында пікір алмасулар болды. Осы шарада қазіргі заңнамаға қосымшалар және өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар мен пікірлер айтылды, бұл өз кезегінде кәсіподақ мүшелерінің құқығын нығайтуға және ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ҚТЖ, пошта байланысы қызметкерлері, «Павлодарэнерго» АҚ, «Қазэнергокабель», «Крендель» АҚ,  ТКШ, және басқа да бастауыш кәсіподақ ұйымдарын аралады.