Әлеуметтік серіктестікті нығайту жолдары қамтылды

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының бірінші орынбасары Біржан Нұрымбетов Қызылорда облысында  кәсіподақтардың өңірлік құрылымдарымен үлкен кездесу өткізді.

Осы жиын барысында еліміздің кәсіподақтар қозғалысын жаңарту, әлеуметтік-еңбек қатынастары мен әлеуметтік серіктестікті нығайту мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, бүгінгі таңда өңірлердегі кәсіподақтардың рөліне назар аударылды.

Жергілікті екі телеканалға кәсіподақтың мақсаттары мен міндеттері, ұстанымдары және басқа да әлеуметтік көрініске әсерін тигізетін мәселелер туралы сұxбат берілді. Және де облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Асхат Сүлейменов облыс әкімінің орынбасарларымен кездесу ұйымдастырып, кәсіподақтардың рөлі туралы жалпыұлттық талқылау аясында пікір алмасылды.