«Жақтау» металлургтер кәсіподағының төрағасын қолдау жөнінде ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Кәсіподақтық тұтастық пен ынтымақтастық қағидаларын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысындағы Кәсіподаққа қолдау көрсетеді.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы «АрселорМитталТеміртау» компаниясы менеджментінің іс-әрекеттерін орынсыз және Қазақстандағы еңбеккерлердің құқығын сақтау жөніндегі талаптарға жауап бермейді деп есептейді.

Белгілі болғандай, «АрселорМитталТеміртау» компаниясының басшылығы «Жақтау» металлургтер кәсіподағының төрағасына 2017 жылғы желтоқсанда Қарағанды облысында ұйымдастырылған ереуіл барысында шахтаның жұмысын тұрақсыздандырды деген айып тағып отыр.

Жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы әлеуметтік серіктестіктің жаңа стандарттарын  анықтауды, жұмыс берушінің кәсіпорындарда және сабақтас салаларда әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуына жауапты болуын заңдық деңгейде күшейту қажет деп есептейміз.

«АрселорМитталТеміртау» компаниясының сотқа жүгінуі компания жұмысшыларына қысым көрсететіндігіне және Қарағанды облысында әлеуметтік шиеленістің жаңа толқынын тудыратындығына сенімдіміз.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы туындаған жағдайды өз бақылауында ұстап отыр және «Жақтау» металлургтер кәсіподағына жан-жақты қолдау көрсетеді.

 

ҚР Кәсіподақтар федерациясы