Төраға орынбасары Ерлан Сайыров Маңғыстаудағы кәсіподақтар активімен жолықты

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының орынбасары Ерлан Сайыров Маңғыстау облыстық кəсіподақтар орталығы активімен кездесті.

Кездесу барысында кəсіподақтардың бірқатар өзекті мəселелері талқыланды. Атап айтқанда, еліміздегі кәсіподақтар қозғалысын нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік серіктестікті бекіту жолдары қарастырылды.

Тартысты, принципті, ашық дискуссия ретінде өткен талқылау барысында келелі ой, нақты пікір айтылды.