Федерация Төрағасы Бақытжан Әбдірайым Мереке Бутинаны туған күнімен құттықтады

Бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым Денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының төрайымы Мереке Сағымбайқызы Бутинаны туған күнімен құттықтады. Өз құттықтауында ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым салалық кәсіподақтың еліміздегі кәсіподақтар қозғалысының дамуына қосқан зор үлесін атап өтті. Бүгінде Денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағы ең ірі салалық кәсіподақтардың бірі болып табылады.

Анықтама үшін: Мереке Бутина 1945 жылы 14 ақпанда дүниеге келген. ҚР Денсаулық сақтау жүйесінде 45 жылдық еңбек өтіліне ие. Кәсіподақтар қызметінде 30 жылдан аса қызмет атқарып келеді. 2001 жылы «Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының майталманы» құрметті атағымен марапатталды. Мереке Сағымбайқызы – Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының «Кәсіподақ қозғалысы алдындағы қызметі үшін» күміс белгісінің, мемлекеттік марапаттардың иегері.