«Бүкіләлемдік әлеуметтік әділеттілік күні»

«Бүкіләлемдік әлеуметтік әділеттілік күнін» өткізу мақсатында Астана қаласының Кәсіподақтар орталығы Халықты Жұмыспен Қамту Орталығымен бірлесе отырып, 2018 жылдың 20 ақпанында сағат 10:00-де Халықты Жұмыспен Қамту Орталығында (Бейбітшілік даңғылы 25, 1 қабат) «Лайықты жалақы – әділетті еңбек» атты акциясын өткізуді жоспарлауда.

Әлеуметтік әділеттілік кәсіподақтар жұмысының басты бағыттарының бірі. Сонымен қатар әлеуметтік әділеттілік кәсіпорындар мен ұйымдардағы тұрақтылықтың, жеке және ұжымдық даулар мен қақтығыстар пайда болуының көрсеткіші болып табылады.

Астана қаласының кәсіподақ активі Жұмыспен Қамту Орталығына келген келушілерге еңбек заңнамасының нормалары мен ережелері, оның ішінде еңбек келісімін жасау тәртібі туралы, еңбек адамының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтардың рөлі мен орны жайлы және 2018 – 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Жаңғырту Жол картасын орындауға бағытталған жан-жақты оқыттыру тапсырмасы жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізбек.

Сондай-ақ, «Еңбек қатынсатары саласында еңбек шарттарының өтеулі қызмет көрсету шартынан айырмашылығы» атты ақпараттық кітапшаны тарату жоспарлануда.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін өткізілетін іс – шараға қатысып, оның өткізілу барысын көпшілікке жеткізуін сұраймыз.

 

Астана қаласы Кәсіподақтар

Орталығының баспасөз қызметі

astana@fprk.kz

Ұйымдастыру комитеті:

Кунадилов Толеген 87018898092

Сакенов Дармен 87789998153