Өндірістік кеңестер – кәсіпорынның ашықтығы мен қауіпсіздігінің негізі!

Бүгін Астана қаласында ҚР Кәсіподақтар федерациясының өкілдері «Локомотив құрастыру зауытының» жұмысшыларымен кездесті. Кездесудің басты тақырыбы кәсіпорындарда өндірістік кеңестерді құру және оның қызметі болды.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы Қазақстандағы өндірістік кеңестердің жұмысын бақылауды күшейтуде. 2016 жылы жаңа Еңбек кодексі бекітілді, ол құжатта алғаш рет еңбек қауіпсіздігін сақтауға арналған жаңа құрал – кәсіпорындарда еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер енгізілді.

Отандық еңбек заңнамасының тарихында бірінші рет осы өндірістік кеңестің шешімі жұмыс берушілер үшін міндетті және жұмыс берушілер оларды орындамағы үшін жауапты болатындығы бекітілді.

Өндірістік кеңестер – бұл үздік дүниежүзілік тәжірибе. Кәсіпорында өндірістік кеңес тепе-теңдік негізде құрылады, яғни кеңестің жарты мүшесі – кәсіподақ өкілдері, ал жартысы – жұмыс берушілердің өкілдері болады.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым өз сөзінде «Өндірістік кеңестер еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды сақтаудың ең басты құралы болып табылады. Біз өндірістік кеңестерге ұлттық дәрежеде жаңа қарқын мен динамика беруіміз тиіс», – деп атап өтті.

Зауыттың кәсіподақ комитетінің төрағасы Нұрлыбек Жұмаш айтып өткендей, «Локомотив құрастыру зауытындағы» өндірістік кеңес екі жыл бойы жұмыс істеуде және іс жүзінде еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру кепілі болып табылады.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндірістік кеңестердің жұмысын өзектендіру қажет деп есептейді. Кәсіподақтар федерациясының мәліметтері бойынша Қазақстанда 12 мың өндірістік кеңес жұмыс істейді, оның 581-і ғана шынайы сектор кәсіпорындарында қызмет етеді.

Дегенмен де, 2018 жылғы 1 ақпандағы мәлімет бойынша  республикада жұмыс істейтін кәсіпорындардың саны – 230 027, соның ішінде, ірі – 2 261, орта – 7 038, шағын – 220 728.

Яғни, өндірістік кеңестер өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбек қатынастарын шешудің басты құралы болуы тиіс. Қазақстан кәсіподақтары осы мәселелерді жүйелі және ұзақ мерзімді негізде шешуге ниетті.