«Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағы» ҚБ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті

Ағымдағы жылғы 2 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіподақ орталығында «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағы» ҚБ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Осы шарада кәсіподақ бірлестіктерінің 2017 жылғы жұмысы қорытындыланды. ҚР Кәсіподақтар федерациясының Жол картасы мәнмәтінінде 2018 жылға міндеттер белгіленді.

Конференцияға қатысушылар кәсіподақ мүшелерін ынталандыру, ұйымдардың ұжымдық шарттармен қамтылуы, әлеуметтік әріптестік мәселесі бойынша салалық кәсіподақ басшылығының жұмысын қанағаттанарлық деп таныды. Конференцияға қатысқан облыс әкімінің орынбасары А.Сәкіпкереев салалық кәсіподақ төрағасы А.Х.Мавлютовқа облыс әкімінің құрмет грамотасын тапсырды.

Кәсіподақ активінің алдында сөз сөйлеген Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіподақ орталығының төрағасы Е.Нұрақаев еліміздегі кәсіподақ қозғалысының жаңғыру барысы және өңірдегі кәсіподақ ұйымдарын дамыту бойынша өзекті міндеттер туралы ақпарат берді.

Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіподақ орталығы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының, салалық кәсіподақтар бірлестіктерінің жұмысын үйлестіруді күшейту қажеттілігі атап өтілді. Төраға кәсіподақтар тарапынан түскен ұсыныстарды талқылау барысына және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіподақ орталығы мен кәсіпкерлер палатасы арасындағы 2018-2020 жылдарға облыстық келісімін бекіту барысына жан-жақты тоқталды.

Конференцияда жаңадан сайлау өтті. Салалық кәсіподақтың Атқару комитетінің ұсынысымен «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағы» ҚБ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы болып Бекет Нұғыманов бірауыздан сайланды. Бекет Қауасханұлы әртүрлі жылдары атқарушы органдарда, білім жүйесі мен ауылшаруашылығы кәсіпорындарында қызмет атқарған.

Конференцияда республикадағы кәсіподақтар қозғалысын жаңарту және жаңғырту бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша Кәсіподақтар федерациясының бағдарын қолдау жөнінде салалық кәсіподақ ұйымдарының үндеуі қабылданды.