Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығының өкілдері «Қуатамлонмұнай» біріккен кәсіпорыны басшылығымен кездесті

Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы бастамасымен «Қуатамлонмұнай» біріккен кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде кездесу өтті. Кездесуге «Қуатамлонмұнай» БК ЖШС директорының орынбасары, вице-президент Чжан Лимин, әкімшілік директоры Чжу Айцзюнь, жалпы мәселелер бойынша директордың кеңесшісі Е.Несіпбайұлы және жауапты мамандар қатысты.

Кездесу барысында мекемеде жаңадан құрылған кәсіподақ ұйымының алдағы жұмыстары мен мақсаттары сөз болды. Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Марат Серікбайұлы Бәйімбетов және мұнай-газ кешені салалық кәсіподағының Қызылорда облысы филиалы төрайымы  Алтынхан Орыншайхқызы Искакова «Қазақстан Республикасы Кәсіптік Одақтар туралы» Заңы аясында түсіндірмелер жасады.

«Қуатамлонмұнай» БК ЖШС директорының орынбасары, вице-президент Чжан Лимин өз кезегінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мекеменің кәсіподақ ұйымының жұмыс жасауына қарсы еместігін және жұмыскерлерінің кәсіподақ ұйымына мүше болу бостандықтарын сыйлайтындығын білдірді.

Кездесудің нәтижесінде алдағы күндері Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы және салалық кәсіподақ өкілдерімен кәсіподақ қозғалысының заңнамаларын түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Қоныс-Бектас мұнай кеніштерінде еңбек ұжымымен жиналыс ұйымдастырылатын болып келісілді.