Жамбыл облыстық аумақтық кəсіподақтар бірлестігі ауқымды кездесу өткізді

Жамбыл облыстық аумақтық кəсіподақтар бірлестігі Тараз мемлекеттік университетінің конференц-залында кəсіподақ белсенділерінің қатысуымен ауқымды кездесу өткізді.

Осы шараға “Казфосфат” ЖШС бас директорының орынбасары Н.Лесбекова, облыстық Іскер əйелдер қауымдастығының төрайымы Г.Нұрымова, жас кəсіпкер Ə.Қайназарова және  студент жастар қатысты. Мазмұнды кездесу барысында қыз-келіншектердің табысты еңбек ету мəселесі талқыланды.

Аталмыш жиын Жамбыл облыстық Кәсіподақ  орталығының төрағасы Мейрамбек Төлепбергеннің төрағалығымен өтті.