Жаңа бағыт – жаңа көзқарас

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының жұмыс жоспарына сәйкес 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Саяси-қоғамдық, экономикалық өмірдегі еңбектегі әйелдердің ролі және әлеуметтік қорғалуындағы мәселелер» тақырыбында Талдықорған қаласында өңіраралық әйелдер форумы өтті.

Аталған шараға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының орынбасары М.Тоғжанов,  әйелдер қауымынан мәслихат депутаттары, облыстың құрметті азаматтары, қоғам қайраткерлері, құқық қорғау саласының қызметкерлері сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысып, тұшымды ойлар, құнды пікірлер қозғады. Тіпті қажеттілігіне қарай кәсіподақтың жұмысын жандандыруда жаңа бағытта, жаңа көзқараста жұмыс жасап, оны қазіргі қоғамға бағыттап жандандыру жолдарын қарастыруды ұсынды.

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен абзал жандар қоғамның әр саласында қызмет етіп жүрген әйелдердің құқықтарын қорғап, әлеуметтік қолдау көрсету бойынша «Үндеу» жариялады.

Сондай-ақ форумда Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары М.  Тоғжанов  сөз сөйлеп, қазіргі таңдағы кәсіподақтардың қоғамдағы ролі, ондағы қызмет етіп етіп жүрген нәзік жандылардың зор еңбектеріне тоқталып, халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Қатысқан делегаттарға гүлшоқтары беріліп, кәсіподаққа сіңірген еңбектері бағаланған бірқатар нәзік жандылар Қазақстан Республикасы кәсіодақтар федерациясының төсбелгілерімен, облыс әкімінің және облыс мәслихаты хатшысының құрмет грамоталарымен  марапатталды.