Қызылорда облыстық кәсіподақ орталығында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай жиын өткізілді

Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиынға өңірдегі барша салалық кәсіподақтардың белсенді әйелдер қауымы қатысты. Жиын барысында Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Марат Серікбайұлы Бәйімбетов мерекемен құттықтап, марапаттар табыстады. Сонымен қатар, салтанатты жиын аясында салалық кәсіподақ төрағалары жиынға қатысушы бастауыш кәсіподақ төрайымдарын көктем мерекесімен құттықтап, кәсіподақтар қозғалысындағы белсенді қызметтері үшін алғыстарын білдірді.

Осы шарада кәсіподақтардың қоғамдағы рөлі мен орны және алдағы тұрған мақсаттары талқыланып, белсенді жұмыс жасап жатқан әйелдер қауымы марапатталды. Бүгінгі таңда облыстағы әлеуметтік-экономикалық әл-ахуал тұрақты болып табылады.