Маңғыстау облысында “Тэхнотрэйдинг” ЖШС Басшылығы мен кәсіподақ орталығының төрағасы кездесті

Бүгін Маңғыстау облысының кәсіподақтар үйінде “Тэхнотрэйдинг” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Басшылығы мен облыстық кәсіподақ орталығы төрағасы Қайрат Жаңабековтың  кездесуі өтті.

Кездесу барысында кәсіпорындағы еңбек ұжымының әлеуметтік-экономикалық әл-ахуалы талқыланып, өңірдегі кәсіподақ қозғалысын дамыту және әлеуметтік серіктестікті нығайту мәселелері қарастырылды. Кәсіподақ төрағасы ҚР Кәсіподақтар федерациясының жаңғыру жол картасын жүзеге асыру барысы туралы айтып өтіп, бастауыш кәсіподақ ұйымдарын нығайтудың маңыздылығын сөз етті. Кездесу мазмұнды өтті.