Жамбыл облыстық Кәсіподақтар орталығында облыс прокуроры Ибраһим Имановпен әңгіме-сұхбат өтті

Бүгін Жамбыл облыстық Кәсіподақтар орталығында Жамбыл облысының прокуроры Ибраһим Иманов аймақтағы кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен кездесті.

Кездесу барысында еңбек заңнамаларын сақтау, еңбек адамдарының құқығы мен мүддесін қорғау, сондай-ақ әлеуметтік әріптестікті нығайту туралы әңгіме-сұхбат болды. Жамбыл облысының прокуроры Ибраһим Иманов қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп отырды.

Осы жиынға облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры М.Шәкербек және басқа да өкілдер қатысты. Кездесу аясында облыс прокуратурасы мен аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қою рәсімі болды.