Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының өкілдері “Қазақстан-2050” Демократиялық күштердің облыстық коалициясының мәжілісіне қатысты

2018 жылғы 12 наурызда “Қазақстан-2050” Демократиялық күштердің Қызылорда облыстық коалициясының мәжілісінде Елбасының халыққа арналған “Президенттің бес әлеуметтік бастамасы” атты үндеуін талқылау шарасы өтті.

Осы жиынға облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов қатысып, облыстық кәсіподақ атынан қолдау жөнінде хабарлама жасады. Төраға орынбасары өз сөзінде Елбасының бес әлеуметтік бастамасы республика бойынша жаңа жұмыс орындарының құрылуына және экономикалық үрдістердің жандануына, нығаюына  ерекше қарқын беретіндігін атап өтті. Сондай-ақ, Үндеу уақытқа сай және анық айқындалған әлеуметтік сипатқа ие екендігіне ерекше назар аударды.