Қызылорда облыстық кәсіподақ орталығы “Қуатамлонмұнай” біріккен кәсіпорнының еңбек ұжымымен жолықты

Қызылорда облысындағы “Қуатамлонмұнай” біріккен кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  басшылығы мен еңбек ұжымы арасында бірнеше жыл бойы кәсіподақ ұйымын құру жөнінде мәселе орын алып, шешімін таппай келген болатын. Осы мәселе бойынша Қызылорда облыстық кәсіподақ орталығы мен мұнай компаниясының Қытай  басшылығы бірнеше мәрте кездесіп, бұл мәселенің оң шешімінің табылуы керектігі түсіндірілді.

Нәтижесінде, бүгін облыстық кәсіподақ орталығының өкілдері мұнай кенішіне барып, компанияның басшылық құрамы және жұмысшыларымен бірлескен жиын өткізді.

Жиында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Жиын соңында Қытай басшылығы компанияда кәсіподақ ұйымының қажет екендігін және алдағы уақытта ұйымның жұмысына колдау көрсететілетіндігін жеткізді. Сонымен қатар, Қызылорда облыстық кәсіподақ орталығының өкілдері мұнай кенішіндегі жұмысшылардың тұрмыс және еңбек жағдайларымен танысты.