Кен-фосфор өндіруші жұмысшыларға арналған “Тағзым” мерекелік шарасы ұйымдастырылды

Бүгін Жамбыл облысы кəсіподақтар бірлестігі Наурыз мерекесі аясында Қаратау бөктеріндегі кен-фосфор өндіруші жұмысшыларға арналған “Тағзым” тақырыбында мерекелік шара өткізді. Мерекелік шара “Казфосфат” ЖШС Қаратау филиалы басшылығының қолдауымен өтті.

Бұрын-соңды ашық далада, өндіріс алаңында Наурыз мейрамы тойланбаған еді. Осы шара еңбеккерлердің мағыналы да мазмұнды басқосуы болды. Шараға 500-ден астам жұмысшы, еңбек ардагерлері қатысты.

Кездесу барысында Жамбыл облысы аумақтық кəсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Төлепберген, кəсіпорын директоры М.Сəрсенов, басқа да  азаматтар сөз сөйледі. Еңбек ұжымы жаңа бастамаға қолдау білдіріп, үлкен концерт берілді. Аталмыш мереке Тараз қаласынан 200 шақырым жерде атақты, тарихы бай Қаратау қойнауында өтті.