Оңтүстік Қазақстан облыстық кəсіподақтардың Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

16 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Кəсіподақ орталығында облыстық кəсіподақтардың Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Үйлестіру кеңесінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың “Президенттің бес əлеуметтік бастамасы” атты халыққа үндеуі талқыланды, сонымен қатар, 2018-2019 жылдарға арналған ҚР Кəсіподақтар федерациясын модернизациялау жол картасының іске асыру механизмін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша іске асыру жоспары, ОҚО “Келешек” жастар қанаты, əлеуметтік орталық, “Нұр Отан” партиясының “Кəсіподақ” бастауыш партия ұйымының жоспарлары талқыланып бекітілді.