Мәскеуде IV «РФ кәсіподақтар құқығы және бірлестіктердің тәуелсіздігі: әл-ахуалы мен мүмкіндіктері» атты конференциясы өтіп жатыр. ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан конференцияға Төрағаның бірінші орынбасары Біржан Нұрымбетов қатысуда.
Конференция аясында Халықаралық еңбек ұйымының, Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының, Ресейдің тәуелсіз кәсіподақтар федерациясының, әртүрлі мемлекеттер кәсіподақтарының өкілдері сөз сөйледі.
Форумда Ресейдегі мемлекеттік органдардың рөлі және кәсіподақтармен әріптестігі жолында өзара байланыс орнату мүмкіндіктері қарастырылды. Осы мәселені талқылауға Бас прокуратура, Әділет министрлігі, Еңбек министрлігі, Роструд және т.б. мекемелердің өкілдері қатысты.
Кәсіподақ бірлестіктерінің тәуелсіздік құқығын қорғауға арналған іс-шаралар стратегиясына, мәселелері мен құқық бұзу жайттарына ерекше назар аударылды. Қарастырылған мәселелердің ішінде агроөнеркәсіп кешенінің кәсіподақтарына еңбеккер мигранттарды тарту мәселесі бар.
ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының бірінші орынбасары Біржан Нұрымбетов өз баяндамасында Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының әл-ахуалына және дамуына, еңбеккерлердің құқығын және әлеуметтік кепілін қорғауға, ҚР кәсіподақтар ынтымақтастығын әрі қарай нығайту секілді өзекті мәселелерге тоқталды.