Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы мұнай кеніші орынының жұмыскерлерімен жиын өткізді

Бүгін Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының бастамасымен “Қуатамлонмұнай” біріккен кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мұнай кенішінде компания басшылығы және кеніш орынының екінші ауысым жұмыскерлерімен жиын өткізілді.

Мекемеде кәсіподақ ұйымын құру мәселесі бойынша кеніш басында бірінші ауысымдағы мұнайшылармен кездесу осыған дейін де өткізілген болатын.
Жиын барысында Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының міндетін атқарушы Марат Бәйімбетов, мұнай-газ кешенінің салалық кәсіподағы Қызылорда облысы филиалы төрайымы Алтынхан Искакова кәсіподақ ұйымының құрылу тәртіптері жайлы және “Кәсіптік одақтар туралы” заң аясында түсіндірмелер жасады. Жұмыскерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, көтерілген мәселе жан-жақты талқыланды. 
Компания басшылығы мен жұмыскерлердің өзара келісімдері бойынша алдағы күндері жалпы жиналыс өткізіліп, мекеменің кәсіподақ ұйымының құрылуы нақтыланып, кәсіподақ ұйымының активі сайланатын болды.