Атырау облыстық кәсіподақ орталығында кәсіподақтардың рөлі талқыланды

27 наурызда Атырау облыстық кәсіподақ орталығы коммунистік партияның Атыраудағы филиалымен бірігіп, Мемлекет басшысының “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауын мектеп, денсаулық сақтау және мәдениет, спорт мекемелерінің басшылары арасында насихаттау, қолдау және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Және де адам капиталы индексін дамытудың жаңа мүмкіндіктері, соның ішінде кәсіподақтардың рөлі мен заманауи кезеңдегі орны талқыланды.

Сондай-ақ, Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында «Қамқор Локомотив» ЖШС «Ақтөбе локомотив жөндеу депосы» филиалы Мақат қызмету көрсету орталығының өтініші қаралып, қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес деп танылып аталған кәсіпорынға үш жыл мерзімге сенім сертификаты табыс етілді.