Еңбек заңдылығының сақталуына арналған семинар

2018 жылғы 28 наурызда Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Қызылорда облыстық салалық кәсіподағының ұйымдастыруымен  «Еңбек заңдылығының сақталуы»  атты семинар өткізілді. Семинарға бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, кәсіподақ мүшелері қатысты. Мақсаты кәсіподақ мүшелерінің еңбек қатынастарына байланысты білімін жетілдіру, құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Семинарды Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Қызылорда облыстық салалық кәсіподағының төрағасы Арлан Елемесов ашып, кәсіподақ жаңалықтарымен таныстырып өтті.

Семинарда облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Інжу Жүсіпалиева еңбек заңдылықтары туралы баяндама жасады. Еңбек кодексінің тармақтарына ұжымдық шарт, жұмысқа қабылдау, сынақ мерзімі, еңбек демалысын беру, кепілдіктер мен өтемақы төлемдері, берілетін жеңілдіктер туралы тоқталып, ашып түсіндіре отырып, практика жүзінде көп кездесетін сұрақтарға тоқталып өтті. Семинар барысында қойылған сұрақтарға заң бойынша түсініктемелер берілді.