29 наурызда Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығында Әзірбайжан мемлекетінен достық сапармен келген Мустагим Магамедовпен, Каспий жағалауында орналасқан демалу орталығының бас директоры және “Ақмолатурист” АҚ директоры Данияр Ниязгуловпен кездесу өтті.
Іс-шара барысында екі мемлекет арасында туризмді дамыту барысы және өзара әріптестікті нығайту мәселелері талқыланды. Кездесуді Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығының төрағасы Қайрат Жаңабеков өткізді.