Екі мемлекет арасында туризмді дамыту барысы сөз етілді

29 наурызда Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығында Әзірбайжан мемлекетінен достық сапармен келген Мустагим Магамедовпен, Каспий жағалауында орналасқан демалу орталығының бас директоры және “Ақмолатурист” АҚ директоры Данияр Ниязгуловпен кездесу өтті.

Іс-шара барысында екі мемлекет арасында туризмді дамыту барысы және өзара әріптестікті нығайту мәселелері талқыланды. Кездесуді Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығының төрағасы Қайрат Жаңабеков өткізді.