Мирболат Жақыпов Атырау облысының кәсіподақ активімен кездесті

29 наурызда Атырау облысына жұмыс сапарымен «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық  қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Мирболат  Жақыпов келіп, кәсіподақ мүшелерімен пленум өткізді.

Пленум барысында бұрынғы төраға Ш.Қанбетов зейнет жасына келуіне байланысты арызын беріп, қайта сайлау өткізілді. Абилов Шынғыс Газизович кәсіподақ төрағасы болып бірауыздан сайланды.

Күннің екінші жартысында «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық  қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы М.Жақыпов облыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесті. Кейін облыстың кәсіподақ активімен кездесу болып, кәсіподақтарды жанғырту жол картасының негізгі бағыттары талқыланды. Қорытындысында облыстық салалық кәсіподағы мен кәсіподақ орталығы арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды.