Кәсіподақ мүшелері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті

Шығыс Қазақстан облысында жарияланған төтенше жағдайға байланысты бүгінгі таңда республиканың жер-жерінен тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетілуде.

Осы ретте, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы табиғи апаттан зардап шеккен білім саласындағы қызметкерлерге  көмек көрсетуге шақырып, Үндеу жариялаған болатын.

Қай кезде де  елдегі береке-бірлікке, игі істерге ұйытқы болып жүретін білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымы және еншілес аудандық, қалалық комитеттер Үндеуге қолдау білдірді.  «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» де­мекші, айтып келмейтін апаттан зардап шеккен Шығыс қазақстандық ұстаздарға қол ұшын созу мақсатында Талдықорған аумақтық, аудандық және қалалық кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлері ынтымақтастық танытып, игі шарадан шет қалмай, әріптестерімізге қайырымдылық көмек ретінде біркүндік жалақысын аударды.