Құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған семинар-кеңес ұйымдастырылды

2018 жылғы 30 наурызда Атырау облысының кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы еңбек ұжымдарының рөлі» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау бойынша департамент басшысы  Т.Жұмағұлов, облыстық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, “Атамекен” палатасының директорының орынбасары, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының  орынбасары, бөлім басшысы, еңбек инспекциясының бөлім басшысы және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Шараның мақсаты сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және кәсіподақ ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру болды. Жиынға қатысушылар белсенді атсалысып, ой-пікірлерімен бөлісті.