Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық кəсіподақ орталығының ұйымдастыруымен 1 сәуірде Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілді.
Үш отбасыға 680 мың теңгеге жуық құрылыс материалдары əперіліп, энергетика саласындағы отбасыларға, білім саласындағы қызметкерлерге жəрдем берілді. Жалпы алғанда Оңтүстік Қазақстан облыстық кəсіподақтар ұйымының атынан 930 мың теңгеге жуық көлемде көмек көрсетілді.