Бүгін Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Балаим Кесебаева және Дархан Мыңбайдың облыс кәсіподақтары белсенділерімен кездесуі өтті.
Жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұсынған 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуы аясында ой-пікірлер ортаға салынды.
Кәсіподақ белсенділері облыс көлемінде орын алған жеке балабақшалардың қызметкерлерінің 2017 жылдың қараша-желтоқсан айларына жалақыдан қарыздары, кәсіпкерлікті қолдау субсидияларының бөлінуімен ашылатын жұмыс орындары, өңірге қажетті мамандарды дайындау және жалдамалы жұмыс мәселелерін көтерді.