Қызылорда облысында Парламент Мәжілісінің депутаттарының кәсіподақтар белсенділерімен кездесуі өтті

Бүгін Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Балаим  Кесебаева және Дархан Мыңбайдың облыс кәсіподақтары белсенділерімен кездесуі өтті.

Жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұсынған 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуы аясында ой-пікірлер ортаға салынды.

Кәсіподақ белсенділері облыс көлемінде орын алған жеке балабақшалардың қызметкерлерінің 2017 жылдың қараша-желтоқсан айларына жалақыдан қарыздары, кәсіпкерлікті қолдау субсидияларының бөлінуімен ашылатын жұмыс орындары, өңірге қажетті мамандарды дайындау және жалдамалы жұмыс мәселелерін көтерді.