Бақытжан Әбдірайым «СарыарқаАвтоПром» кәсіпорнында және Соколов-Сарыбай тау-кен байыту бірлестігінде жұмыс сапарымен болды

5 сәуірде Кəсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Əбдірайым Қостанай қаласындағы «СарыарқаАвтоПром» отандық машина  жасау кәсіпорнында жұмыс сапарымен болды.

Сапар барысында кәсіпорынның еңбек ұжымымен танысып, ауқымды кездесу өткізді. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС Сырлау цехының шебері Татьяна Ибраева – елеулі жұмысымен қатар, 3 қыз бен 3 ұлды тәрбиелеп отырған көп баланы ана. ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайыммен әңгіме барысында Татьяна көп баланы ана бола отырып, кәсіпорынның озаты екендігін айтты. Ұжымның өндірістік жиналысында кәсіпорынның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Дмитрий Парфенов Федерация Төрағасы атынан сыйлықақы табыстады.

Және де жұмысшылар атынан бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы мен жұмыс берушілер өкілдері арасында Ұжымдық шартқа қол қойылды.

Сондай-ақ, іс-сапар барысында Федерация Төрағасы Рудный қаласындағы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінің кен қазу орнында болды.

Кеншілермен өткен кездесу қызу да тартымды өтті. Мұнда еңбек қатынастары, еңбек заңы туралы жан-жақты ашық пікір алмасылып, металлургия саласына қатысты жəне кәсіподақтардың жұмысы жайлы емен-жарқын əңгіме болды.